Толассыз жауған жаңбыр 70 адамның өмірін қиды - ОАР

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Оңтүстік Африка Республикасының шығысындағы Квазулу-Натал провинциясында толассыз жауған жаңбыр салдарынан қаза тапқандар саны 70-ке жетті, деп хабарлайды SABC News телеарнасы жергілікті билікке сілтеме жасап.

Бұдан бұрын 51 адамның мерт болғаны хабарланған еді.

Провинция басшысы Сихле Зикалала құрбандар саны 70-ке жеткенін растады. Тағы мыңдаған адам өз үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған.

Провинцияда үйінділер сұрыпталып жатыр, құтқару жұмыстары жүргізілуде. ОАР-дың шығысында қатты жауын-шашыннан жолдарды су басып, инфрақұрылымдар зақымдалды және үйлер қирады.

Соңғы жаңалықтар