Төл ойынымыз - тоғызқұмалақтан үздіктер анықталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында төл ойынымыз тоғызқұмалақтан ерлер мен әйелдер арасындағы классикадан жекелей чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

24 қантарда басталған ой-тақта ойыны 1 ақпан күні жеңімпаздарды анықтады. Жарысқа 11 облыс пен 3 қаладан жалпы саны 104 спортшы қатысты. Олардың арасында Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген спорт шеберлері де бар. 8 күн бойы жалғасқан жеңіске деген ұмтылыс пен қажырлы қайраттың нәтижесінде әйелдер арасында бас жүлдені Қарағанды облысынан келген ойыншы Аңсаған Қожанәсіп жеңіп алса, екінші орынға Түркістан облысынан Әсел Далиева ие болды. Үздік үштікті Ақтөбе облысынан келген Гүлжанат Алдабергенова мен тағы бір түркістандық Лина Каримова өзара бөлісті.

Ерлер арасында Шымкент қаласының тоғызқұмалақшысы Ғалымжан Темірбаевқа тең келер ешкім болған жоқ. екінші орынға Қызылорда облысының ойыншысы Бексұлтан Бостандықов ие болса, үшінші орынды ақтөбелік Нұрбек Қабиев қанағат тұтты.

Марапаттау рәсімінде ҚР Ұлттық құрама командасының аға бапкері Айнұр Жақапбаева құттықтау сөз сөйлеп, елімізде тоғызқұмалақ ұлттық ойынын дамытуға қосқан үлесі үшін спорт ардагері Ким Юрий Федоровичке Қазақстан Республикасы тоғызқұмалақ спорты федерациясының «Тоғызқұмалақ қайраткері» төсбелгісін табыстады.

Сонымен бірге, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Асылжан Жаманқұл, Ұлттық құрама командасының аға бапкері Айнұр Жақапбаева және спорт ардагері Ким Юрий Федорович жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттады.


Соңғы жаңалықтар