«Токyo Open 2018» турнирінде Қазақстан каратешілері екі медаль жеңіп алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапония астанасы Токио қаласында каратеден  рейтингтік турнирде қазақстандық спортшылар екі медаль жеңіп алды,  деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, «Токyo Open 2018» бәсекесінде қазақстандық спортшылар бір күміс және бір қола медаль жеңіп алды.

Атап айтар болсақ,  55 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Сабина Захарова күміс медальға қол жеткізсе, 84 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынаған Игорь Чихмарев үздік үштікке енді.

Сондай-ақ, 50 келіге дейінгі салмақта Әсел Серікова мен 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі Ермак Айназарова жетінші орын иеленді.

Фото: www.olympic.kz

Соңғы жаңалықтар