Тоқтылардың барлығы бірдей құрбандыққа шалынбайды - имам

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Құрбандық шалудың да өз шарттары бар. Мәселен, биылғы тоқтылардың барлығы бірдей құрбандыққа жарамайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жөнінде Талдықорған қаласындағы «Иман» орталық мешітінің бас имамы Серікхан Ырымханұлы мәлім етті. Оның сөзінше, құрбандыққа шалынатын тоқты кем дегенде алты айдан асқан және ірі  болуы шарт. Ал ірі қара болса екі жасқа толған болуы керек. Және сойылатын малдың көзін байлау қажет.

«Малды союға кіргізген кезде оның  көзін байлау  қажет. Өйткені біз ғылыми түрде  жақсы білеміз. Мал тітіркеніп,  шошып қалса, оның қаны толық ақпайды. Ал қаны толық ақпаған мал адамды ауруға шалдықтыруы мүмкін. Біздің Талдықорған қаласының өзінде «Нұр», «Иман», «Жетісу» және «Еркін» мешітінде құрбан шалатын жерлер дайындалып жатыр. Ол жерде құрбан шалатын адамдарды арнайы курстардан өткіздік. Олардың діни мінез - құлқы дұрыс болуы керек. Айтатын дұғаларын білуі керек.  Және бұл қасапшылардың қызметін тегін жасаймыз деп жоспарлап отырмыз», - дейді   Серікхан Ырымханұлы.

Сондай-ақ ол жағдайы келген әр бір мұсылман құрбандық шалуға міндетті екенін айтады. Мәселен 85 гр алтыны не болмаса осы алтынға тең ақшасы бар адам құрбандық шалуы керек. Ал қарызы көп, жағдайы жоқ жандардың құрбандық шалуы міндет емес. Жалпы бүгінгі таңда Талдықорған жерінде малдардың бағасы аса шарықтай қойған жоқ. Мәселен, қойдың бағасы 20 мыңнан 32 мың теңге аралығында. Сатушылар саудаласуға да дайын екендіктерін айтады.

Бұл күндері 70 такси қала тұрғындарын тегін тасымалдайтын болады.

Сондай-ақ түрлі шаралар да ұйымдастырылмақ.

Соңғы жаңалықтар