Тоқтар Болысов: Жеріміз – ата-бабамыздың қанымен келген теңдессіз байлығымыз

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан жастары конгресінің атқарушы директоры Тоқтар Болысов Президент «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласын қатысты пікірін әлеуметтік желіге жариялады. Оның айтуынша, жастар жат пікірлердің жетегінде кетпеуі керек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Президент мақаласына негіз болған идеямен мен де келісемін. Бізге жерді ешкім сыйға бермеді. Ол тағдырдың да, көршілес мемлекеттердің де тартуы емес, ата-бабамыздың қанымен, терімен, жасымен келген теңдесіз байлық. Қазір Қазақстанның жері ұлан-ғайыр, байтақ дейді. Алайда сол байлықтың өзі ғасырға жалғасқан талай күрестің жемісі», - деді Тоқтар Болысов ҚазАқпарат тілшісіне.

Оның айтуынша кейінгі кезде ақпараттық порталдардағы жаңалықтардың бір бөлігі қазақтың жеріне қатысты жөнсіз пікірге толып кеткен.

«Дегенмен сондай жат пікірлердің жетегінде кету Қазақстанның көзі ашық, көкірегі ояу жастарына тән емес. Біз Тәуелсіз Қазақстанның жастары ретінде тарих пен саясатты бөлек қарастыра аламыз. Тарих бізге мәлім. Оны XXI ғасырда ешкім өзгерте алмайды. Ал біз жастар ретінде азаматтық позициямызды білдіріп, қоғамдық іс-шараларда белсенділік таныта береміз. Әр маман өз саласына еңбегін сіңірсе ғана бұндай жайттар орын алмайды. Тарихты халық бастан өткерсе, оны жазатын тарихшылар. Ал саясатқа араласам дегендер саяси реформаларға және осы шаққа жауапты. Өткен шақ туралы тарихшылар сөз қозғаса дұрыс болады», - деді ол

Еске сала кетейік, бүгін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласы жарияланған болатын.



Соңғы жаңалықтар