USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Тоқтар Әубәкіров пен Оралбай Әбдікәрімов Қарағанды облысының құрметті азаматтары атанды

2016 жылғы 14 желтоқсан 20:26
Бөлісіңіз:
Тоқтар Әубәкіров пен Оралбай Әбдікәрімов Қарағанды облысының құрметті азаматтары атанды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының құрметті азаматтарының тізімі танымал тұлғалармен толықты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Менің алдымда маңызды міндет тұр. Облыс мәслихаты сессиясының шешімімен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу барысында кейбір қайраткерлер «Қарағанды облысының құрметті азаматы» атағын иеленді», - деп хабарлады облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков, ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған салтанатты жиналыста.

null

Қарағанды облысының құрметті азаматы ретінде экс-сенатор, Нұр Отан партиясы жанындағы жемқорлыққа қарсы күрес комитетінің төрағасы Оралбай Әбдікәрімов, ғарышкер, Қазақстанның халық батыры Тоқтар Әубәкіров пен «Карагандауголь» ХК бұрынғы бас директоры, профессор Николай Дрижд марапатталды.

Марапаттау рәсімі мерекелік сахнада өтті. «Мен қайда жұмыс жасасам да, қандай қызмет атқарсам да, әрдайым Қарағанды облысындағы жағдайларға бей-жай қарамадым. Өзімді қарағандылықпын деп есептеймін және ешқашан кір келтірмеуге тырыстым. 1970 жылы болашақ Президентпен кездестірген тағдырыма шексіз ризамын. Бұл менің келешегіме ықпал етті», - деді О.Әбдікәрімов.

null

Әубәкіров жерлестерінің ыстық ықыласпен қарсы алып қошемет білдіргендері үшін алғыс айтты. «Маған түрлі қалалар - Мәскеу, Алматы ұнайды. 18 жылдан бері Астанада тұрып келе жатырмын және елордамызды жақсы көремін. Мен қарағандылықпын және өмірімнің соңына дейін осылай қала бермек, себебі менің кіндік қаным осы жерге тамған». Ғарышкер Тоқтар Әубәкіров барша қазақстандықтарды ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойымен құттықтады.

Профессор Н. Дрижд өз жерлестеріне деген ыстық ықыласын білдірді. «Мен келесі жылы 90 жасқа толамын. Соның 88 жылы Қарағандымен байланысты. Мен осы жерде дүниеге келіп, керемет адамдармен жұмыс жасасқаныма дән ризамын», - деп атап өтті ол.

null

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақбөпе Әбдрасул

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT