Тоқсаннан астам адамның атынан онлайн несие рәсімдеген алаяқ әйел сотталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстандықтардың атынан онлайн несие рәсімдеген алаяқ әйел 4,6 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық Полиция департаментінің тергеу басқармасы мәлім еткендей, Медеу ауданының полиция басқармасына Қазақстанның 90-нан астам азаматы 1987 жылы туған А.Б.Нүркенова жасаған алаяқтық фактісі бойынша жүгінген.

«Көрсетілген адам алдау және сенімге қиянат жасау арқылы жәбірленушілердің жеке деректерін алып, содан кейін шағын несиелік ұйымдардан олардың атына несие рәсімдегені анықталды. Алдын ала тергеу барысында күдіктінің кінәсі толық дәлелденді. Істің сотқа дейінгі тергеуі аяқталды», - деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Әбдрахманов.

Сот үкімімен А.Б.Нүркенова кінәлі деп танылып, 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.


Соңғы жаңалықтар