Токиолықтар Астананы 20 жылдық мерейтойымен құттықтады

None
None
БЕЙЖІҢ-ТОКИО. ҚазАқпарат - Токио губернаторы Юрико Койке Қазақстанның Жапониядағы Елшісі Ерлан Баударбек-Қожатаевқа Астананың 20 жылдығына байланысты Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа арналған құттықтау хатын табыс етті, деп хабарлайды Қытайдағы ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

Токио губернаторы Елбасының Астананың дамуындағы рөлін ерекше атап өтіп, Қазақстан халқының бейбіт өмірде күн кешіп, одан ары гүлдене беруіне тілек білдірді. Оның айтуынша, Астана қысқа мерзімнің ішінде бүкіл әлем танитын қалаға айналды. Оған алдыңғы жылы ғана өткен ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі дәлел болып отыр.

Елші Е.Баударбек-Қожатаев губернатормен Астананың дамуының барысымен бөлісті. Атап айтқанда, Астана Халықаралық қаржы орталығы, AstanaHub халықаралық технопаркінің IT-стартаптары және Халықаралық жасыл технологиялар орталығы сынды жобалармен таныстырды.

Еске сала кетейік, қазіргі уақытта Жапония ел астанасы Киотодан Токиоға көшірілгеніне 150 жыл толуына арналған мерейтойды атап өтіп жатыр. Бүгінде Токио - ЖІӨ деңгейі бойынша (1,5 трлн доллар) әлемдегі ең ірі мегаполистердің қатарында. Сонымен қатар, туризм мен қауіпсіздік жөнінен екінші жыл қатарынан адамдардың таңдауы ең көп түсетін қала атанып отыр. 

Соңғы жаңалықтар