+7 (701) 759 90 19
USD 386.30 EUR 428.14
RUB 6.08 CNY 54.87
Jańalyqtar

Токиодан сәлем - Димашты жапон жанкүйерлері Қазақстанның туын ұстап, қазақша ән шырқап күтіп алды

2019 жылғы 17 қараша 11:33
Бөлісіңіз:
Токиодан сәлем - Димашты жапон жанкүйерлері Қазақстанның туын ұстап, қазақша ән шырқап күтіп алды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әнші Димаш Құдайбергенді жапониялық жанкүйерлері әуежайдан Қазақстанның туын ұстап ерекше құрметпен қарсы алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Белгілі перулік әнші өз концертін шегеріп, Нью-Йоркке Димашты көруге ұшып келді Димашты Нью-Иорктегі жанкүйерлері Қазақстанның жалауымен қарсы алды Димаш Құдайберген Ресейде «Жылдың ең үздік әншісі» атанды

Әншінің өзі Іnstagram парақшасында күншығыс еліне келген сәтінің видеосын жариялады. Шағын үзіндіден Димаштың жапониялық жанкүйерлері қаншалықты көп екенін аңғаруға болады.

«Жапонияға аман- есен келдік. Концертте көріскенше...», - деп жазды әнші.

Осыдан кейін youtube арналардың бірінде Димаштың жапондық dears-тарының қалай күтіп алғаны туралы толыққанды видео жарияланды. Әншінің фанаттары әуежайда Димаштың қазақ тіліндегі әнін шырқап, әншінің «Арманым – қазақ тілін әлемге таныту» деген арманын орындап бергендей болды.

Димаш осыдан бірнеше сағат бұрын Токиодан өзі түсірген видеоны парақшасында жариялады. «Токиодан сәлем» деп әншінің жанкүйерлерлеріне арналған видеоны мына сілтемеден көруге болады.

Еске сала кетсек, бұдан бұрын Димаш Құдайберген қараша айында Токиодағы концертке байланысты жапондық көрермендеріне сәлем жолдаған болатын.

Әнші Жапония астанасы Токиода өтетін ABU TV Song фестивалінде өнер көрсетеді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT