Токиодағы Паралимпиада билеттеріне сұраныс рекордтық - 3,1 млн-ға жетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Токиодағы Паралимпиада ойындары-2020 шарасының билеттеріне деген сұраныс 3,1 млн-ға жетіп, рекордтық көрсеткіш орнатты. Бұл туралы Associated Press агенттігіне Халықаралық паралимпиада комитетінің (ХПК) басшысы Эндрю Парсонс хабарлаған.

ХПК басшысының айтуынша, билеттердің саны – 2,3 млн.

«Қызығушылықтың барына біз қуаныштымыз, - деді Парсонс. – Паралимпиада спортшылары адамға лық толы стадионда жарысатын болады».

Бірінші лотереяда 600 мың билет ойнатылды. Келесі ұтысты өткізу 2020 жылдың басына қарай жоспарланып отыр. Олимпиада билеттеріне деген сұраныс деңгейі кейінірек жарияланады. Ұйымдастырушылардың пікірінше, ол аталған ұсыныстан 10 есе көп болмақ.

Сондай-ақ, 6 қыркүйектегі Паралимпиада марафоны Токиода өтеді. Олимпиада ойындары сол уақыттағы аптап ыстыққа байланысты Жапонияның солтүстігіне - Саппороға ауыстырылатындығы бұған дейін белгілі болған еді.

Еске сала кетейік, Паралимпиада ойындары 2020 жылдың 25 тамызы мен 6 қыркүйегі аралығында өтеді.

Соңғы жаңалықтар