Токиодағы Олимпиада ойындары: екінші жарыс күнінің кестесі

None
None
ТОКИО. ҚазАқпарат - Бүгін Жапонияның астанасы - Токиода осы жаздағы ең күтілетін старттардың бірі - ХХХІІ Олимпиада ойындары басталады. Бір жылға шегерілген спорт додасы Ұйымдастыру комитетінің, Халықаралық Олимпиада комитетінің және Жапония үкіметінің талаптары мен ережелеріне сәйкес қатаң түрде өткізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстандық спортшылардың жарыс кестесі:

Нұр-Сұлтан мен Токио арасындағы уақыт айырмашылығы +3 сағатқа тең.

24 шілде күні Токиода спорттық жеті түрінен 13 қазақстандық атлет сынға түседі.

Төменде #teamKZ мүшелерінің жарыс кестесі Нұр-Сұлтан уақытымен көрсетілген:

Велоспорт, топтық жарыс:

Дмитрий Груздев, Алексей Луценко, Вадим Пронский

Басталуы: 08:00

Дзюдо. Ерлер (60 келі), әйелдер (48 келі)

Елдос Сметов, Отгонцецэг Галбадрах

Басталуы: 08:00

Теннис. Ерлер мен әйелдер, жекелей сын:

Александр Бублик, Зарина Дияс, Елена Рыбакина

Басталуы: 08:00

Теннис. Ерлер, жұптық сын:

Александр Бублик / Андрей Голубев

Басталуы: 08:00

Бокс. Ерлер (57 кг)

Серік Теміржанов

Басталуы: 09:18

Спорттық гимнастика

Милад Карими.

11:30

Жүзу

Дмитрий Баландин

Басталуы: 17:35

Үстел теннисі, әйелдер:

Анастасия Лаврова

Басталуы: 18:00


Соңғы жаңалықтар