+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Токиода табысты өнер көрсету үшін барымды саламын – Елена Рыбакина

2021 жылғы 18 маусым 13:42
Бөлісіңіз:
Токиода табысты өнер көрсету үшін барымды саламын – Елена Рыбакина

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Токио Олимпиадасында табысты өнер көрсету үшін барымды саламын. Бұл туралы Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстандық каноэші 2020 жылғы Олимпиаданың жартылай финалына шықты Токио-2020: Теннисші Михаил Кукушкиннің екінші айналымдағы қарсыласы анықталды Токио-2020: Үстел теннисінен қазақстандық Кирилл Герасименко жарысты жалғастырады

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, Е.Рыбакина төрт жылда бір өтетін әлемдік додаға алғаш рет қатыспақшы.

-Елена, Олимпиадаға жолдама алған кезде қандай көңіл-күйде болдың?

- Әрине, өте қуаныштымын. Осыншама уақыттан кейін әлемнің ең басты жарысында ел намысын қорғау бақыт қой. Дегенмен алда тағы бір «Үлкен дулыға» турнирі – Уимблдон жарысы бар. Әзірге соған дайындалудамын.

-Лицензия аламын деп күттің бе?

- Иә, рейтинг бойынша қатысушылардың қатарына қосылатынымды түсіндім. Биыл Билли Джин Кинг кубогында Аргентинамен болған матчта Қазақстан үшін барымызды салдық. Енді, міне, Олимпиадада да ойнамақшымын.

-Ендеше, дайындық қандай деңгейде?

- Қазір жыл басындағыдан гөрі өзімді жақсы сезінудемін. Токиода жағдай қалай болатыны жөнінде күні бұрын айту қиын. Өйткені онда өте ыстық болады, жолда ұзақ ұшуға тура келеді. Оған қоса қатаң карантиндік шаралар барлық қатысушыларға оңай тимейтіні анық.

-Олимпиадаға дейін қайда боласың?

- Әзірге Уимблдон додасында қалай өнер көрсетемін, соған байланысты. Содан кейін бірнеше күнге үйге қайтамын. Сосын Еуропа не үйде дайындаламын.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстаннан Олимпиадаға қатысатын теннисшілер анықталғанын, Елена Рыбакинаның Берлин турнирінің ширек финалына шыға алмағанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ қазақстандық теннисші Чехиядағы турнирдің финалына шықты.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT