+7 (701) 759 90 19
USD 397.56 EUR 445.94
RUB 5.82 CNY 55.96
Jańalyqtar

Токиода ерекше даяшылар жұмыс істейтін дәмхана ашылды

2018 жылғы 27 қараша 17:11
Бөлісіңіз:
Токиода ерекше даяшылар жұмыс істейтін дәмхана ашылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүйсенбі күні Токиода ерекше даяшылар қызмет көрсететін дәмхана ашылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» Kyodo-ға сілтеме жасап.

Пилоттық режимде іске қосылған DAWN ver.ß дәмханасына келушілерге биіктігі бір метрден сәл ғана асатын 5 робот қызмет етіп жүр. Роботтар тапсырыс қабылдап, тағамдарды әкеліп тұрады.

Бір қызығы, даяшы роботтарды үйлерінде отырған дәмхана қызметкерлері - мүмкіндігі шектеулі жандар басқарып отыр. Олар дәмханада не болып жатқанын интернет арқылы аудио және видео көмегімен көріп, даяшыларды үйлерінен планшет немесе компьютер арқылы басқарады.

Дәмхана осындай режимде тек биылғы жылдың 7 желтоқсанына дейін ғана жұмыс істейді. Оның тұрақты нұсқасы 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада және Паралимпиада ойындарының қарсаңында іске қосылмақ.

Дәмхана жобасының авторлары осылайша мүмкіндігі шектеулі жандарға көбірек жұмыс орнын ұйымдастыруға көмек бере аламыз деп үміттеніп отыр.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT