Токио Жапон теңізінің атауын өзгерту туралы келіссөз жүргізуге әзір

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапония үкіметі биыл көктемде Оңтүстік Корея және КХДР билігімен Жапон теңізінің атын өзгерту туралы келіссөздерге кірісуге әзір. Бұл туралы Sankei Shimbun басылымы жазды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

Халықаралық гидрография ұйымы ресми Токионы осы даулы мәселеде Сеул және Пхеньянмен ымыраға келуге шақырған.

Оңтүстік Корея мен КХДР 1990 жылдардың басынан бері Жапон теңізінің атын «Шығыс теңіз» деп өзгертуді талап етіп келеді. Соңғы кездері Оңтүстік Корея картада осы екі атауды қатар қолдануды шығарды.

Корей мемлекеттері Жапония ХХ ғасыр басында отарлау саясатын жүргізген тұста теңіздің қазіргі атауын әдейі әлемдік қоғамдастыққа таратқан деген пікірде.

Жапон тарапы, өз кезегінде, Жапон теңізінің осы атауын сонау ХІХ ғасырда еуропалық картографтар қолданғанын айтып отыр. Бұл термин Монакодағы Халықаралық гидрография ұйымының анықтамалықтарында олар алғаш жарық көрген 1929 жылдан бері өзгеріссіз қолданылып келеді.

Соңғы жаңалықтар