Токио университетіндегі қабылдау емтиханы алдында бір жасөспірім үш адамға пышақ салған

None
None
ТОКИО. Кyodo-ҚазАқпарат -Сенбі күні Токио университетінің жанында жалпыұлттық қабылдау емтихандары алдында екі орта мектеп оқушысы мен бір ер адамды пышақтап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кyodo агенттігіне сілтеме жасап.

Бұған күдікті жасөспірім қамауға алынды.

Полицияның хабарлауынша, таңғы сағат 8:30 шамасында университеттің бас қалашығына апаратын қақпалардың бірінің алдында үлгерімі нашар талапкер 72 жастағы ер адам мен 17 және 18 жастағы екі студенттің арқасынан пышақ сұққан.

«Мен жақсы оқымадым, сондықтан осындай қылмыс жасап, өлгім келді», - деді күдікті, Нагоядағы жеке орта мектеп оқушысы.

«Мен Токио университетінде дәрігер болу үшін оқыдым, бірақ бір жыл бойы үлгерімім нашар болды және өзіме деген сенімімді жоғалтты, - деген жасөспірімнің сөзін келтіреді полиция.

Ол полицияға Токиоға сенбі күні таңғы сағат 6-да жетуі тиіс жедел автобуспен барғанын айтты, ал тергеу жүргізудегі дереккөз оның ата-анасы жұма күні кешке Айчи префектуралық полициясына ұлының жоғалып кеткені туралы хабарлағанын мәлім етті.

Кәмелетке толмағандықтан аты-жөні жарияланбаған шабуыл жасаушы қолданған пышақты Токиодан 250 шақырым жердегі үйінен әкелгенін айтты.

Полицейлер келген кезде ол оқиға болған жерде отырған, қасынан қанға боялған 12 сантиметрлік жүзі бар асхана пышағы табылған.


Соңғы жаңалықтар