Токио Паралимпиадасының салтанатты ашылу рәсімі аяқталды

None
None
ТОКИО. ҚазАқпарат - Жапония астанасындағы VI Паралимпиада ойындарының салтанатты ашылу рәсімі аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетсек, алғашқы Паралимпиада ойындары 1960 жылы Италияның астанасы Римде өтті. Ойындар 18 қыркүйекте «АкваАцетос» стадионында ашылды.

Қазақстандық спортшылар 1996 жылдан бері Жазғы Паралимпиада ойындарына қатысып келеді.

Бұған дейін Қазақстан құрамасы сапынан екі спортшы жүлдеге қол жеткізді. 2016 жылы Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында Зульфия Габидуллина еркін мәнерде 100 метрге суға жүзуден чемпион атанды. Сол жолы тағы бір қазақстандық Раушан Қойшыбаева пауэрлифтингтен әйелдер арасында 67 келіде күміс жүлдегер атанды.

Дүбірлі дода 24 тамыз және 5 қыркүйек аралығында өткізіледі. Аталған жарыста еліміздің атынан барған 26 спортшы спорттың 7 түрінен сынға түседі.

Айта кетерлігі, биылғы Паралимпиада ойындарына Бутан, Гренада, Мальдивы, Парагвай, Сент-Винсент және Гренадина секілді мемлекет спортшылары тұңғыш рет қатысып отыр.

Алғашқыда аталған додаға әлемнің 183 елінен спортшылар қатысуы жоспарланған еді. Коронавирус инфекциясына жұқтырып алу қаупіне байланысты олардың 20-ы Токиоға келуден бас тартты.


Соңғы жаңалықтар