Токио Паралимпиадасы салтанатты түрде жабылды

None
None
ТОКИО. ҚазАқпарат - Жапония астанасындағы Жазғы Паралимпиада ойындарының жабылу салтанаты аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биыл аталған дүбірлі додаға әлемнің 162 мемлекетінен 4400-ге жуық спортшы қатысты. Жарысқа қатысушылар 22 спорт түрінен 539 медаль жиынтығын сарапқа салды.

Аталған жарыста еліміздің атынан барған 26 спортшы спорттың 7 түрінен сынға түсті. Қазақстан құрамасы дүбірлі додада 1 алтын, 2 күміс, 1 қола медаль алды. Олардың арасынан Давид Дегтярев (пара пауэрлифтинг) чемпион атанды. Ал, пара дзюдошылар Әнуар Сариев, Теміржан Дәулет және Зарина Байбатина күміс алса, суға жүзуші Нұрдәулет Жұмағали қола жүлдегер болды.

Айта кетсек, алғашқы Паралимпиада ойындары 1960 жылы Италияның астанасы Римде өтті. Ойындар 18 қыркүйекте «АкваАцетос» стадионында ашылды.

Қазақстандық спортшылар 1996 жылдан бері Жазғы Паралимпиада ойындарына қатысып келеді. Бұған дейін Қазақстан құрамасы сапынан екі спортшы жүлдеге қол жеткізді. 2016 жылы Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында Зульфия Габидуллина еркін мәнерде 100 метрге суға жүзуден чемпион атанды. Сол жолы тағы бір қазақстандық Раушан Қойшыбаева пауэрлифтингтен әйелдер арасында 67 келіде күміс жүлдеге қол созды.

Енді Жазғы Паралимпиада ойындары 2024 жылдың 28 тамыз және 8 қыркүйегі аралығында Франция астанасы Париж қаласында өткізіледі.

Ал Қысқы Паралимпиада ойындары 2022 жылдың 4-13 наурызы аралығында Қытай астанасы Бейжің қаласында болады.


Соңғы жаңалықтар