Токио Олимпиадасының жүлдегерлері Зульфия Чиншанло мен Игорь Сон баспаналы болды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғанда Олимпиада жүлдегерлеріне баспана сыйға тартылды,- деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ауыр атлеттерге екі және үш бөлмелі пәтер сертификаттарын өңір басшысы Амандық Баталов салтанатты түрде табыстады. Сондай-ақ спортшыларды баптаған жаттықтырушы Сергей Седовқа 2 млн теңге сыйақы берілді. Күншығыс елінде Қазақстанның көк байрағын желбіреткен қос спортшының жетістіктері Жетісу халқының да абыройын асқақтатқанын атап өткен облыс әкімі атлеттердің өз шеберлігін шыңдауға барлық жағдай жасауға уәде берді.

Спортшылар өз кезегінде бұл нәтижемен тоқтап қалмай әлі де еңбектеніп, Париж Олимпиадасында өнер көрсетуге күш салатынын жеткізді.

Айта кету керек Токио Олимпиадасына Алматы облысынан 10 спортшы қатысқан болатын.

«Бір жылдан кейін Азия ойындары өтеді. Аздаған жарақаттарым бар. Соларды емдеп алып, осы құрлық додасына дайындалам. Одан кейін Париж Олимпиадасы. Бәрі ойдағыдай болса сол жарыстан «алтын» аламын деген өзіме үлкен мақсат қойып отырмын»,- деді Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Игорь Сон.


Соңғы жаңалықтар