Токио Олимпиадасының төңірегінде сыбайлас жемқорлық дауы туындады

Фото: None
ТОКИО. ҚазАқпарат – Жапонияда Токио Олимпиадасын ұйымдастыру комитетінің мүшесі мен 2020 жылғы Олимпиадаға күтпеген жерден демеушілік жасаған киім тігу компаниясының үш қызметкері пара алды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еuronews-ке сілтеме жасап.

Олимпиадада жарнама орналастырумен айналысқан Харуюки Такахаси «Аоки Холдингс» компаниясының бұрынғы басшысы мен оның қарамағындағы екі қызметкерінен пара алды деген күдікке ілінді.

Мектеп түлектеріне арзан костюмдер тігуге маманданған бұл компания Жапонияның олимпиадалық құрамасының формасын жасауға тапсырыс алған. Жапон прокуратурасының айтуынша, бұл таңдау бірден күдік тудырған, өйткені мұндай тапсырыстарды әдетте танымал фирмалар алады.

Бұл тергеу Жапонияның 2030 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарын өткізуге деген өтінішіне нұқсан келтіруі мүмкін. Жапон Олимпиада комитеті мен «Аоки» компаниясы бұл айыптауларға қатысты әзірге түсініктеме берген жоқ.


Фото: Kyodo News via AP



Соңғы жаңалықтар