+7 (701) 759 90 19
USD 414.13 EUR 451.40
RUB 5.80 CNY 58.03
Jańalyqtar

Токио Олимпиадасының қашан өтетіні белгілі болды

2020 жылғы 30 наурыз 19:11
Бөлісіңіз:
Токио Олимпиадасының қашан өтетіні белгілі болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Токио Олимпиадасы келесі жылдың 23 шілдесі мен 8 тамызы аралығында өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

Осылайша Халықаралық олимпиада комитеті, Халықаралық паралимпиада комитеті, Токио-2020 ойындарын ұйымдастыру комитеті, сондай-ақ, Токио қаласы мен Жапония билігі Олимпиада ойындары өтетін жаңа мерзімді бекітті.

Бүгін телефон арқылы өткен жиынға ХОК президенті Томас Бах, Токио-2020 президенті Мори Йоширо, Токио губернаторы Коике Юрико, Олимпиада және Паралимпиада ойындарының министрі Хасимито Сейко қатысты.

Жаңа шешімді қабылдау барысында тараптар 2020 жылдың 17 наурызында ХОК атқарушы комитеті бекіткен негізгі үш қағиданы ұстанды. 1. Спортшылар мен барлық қатысушылардың денсаулығын сақтау, сонымен қатар, COVID-19 індетінің тежелуін қолдау; 2. Спортшылар мен олимпиадалық спорт түрлерінің ұстанымын қорғау; 3. Ғаламдағы халықаралық спорт күнтізбесі.

Жиын барысында жазғы спорт түрлеріндегі барлық халықаралық федерациялар мен ұлттық олимпиада комитеттері қабылданған шешімді қолдады.

Айта кетелік, 24 наурыз күні әлемде COVID-19 індетінің таралуына байланысты Жапония билігі мен ХОК бірлесе отырып, Олимпиада ойындарын келесі жылға қалдыру туралы шешім қабылдаған еді.

Осылайша, жаңадан бекітілген мерзімге сәйкес Токио Олимпиадасы 2021 жылдың 23 шілдесі мен 8 тамызы аралығында өтеді. Паралимпиада ойындары 24 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында ұйымдастырылады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Олимпиада ойындары келесі жылға қалғанын жазған болатынбыз.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT