Токио Олимпиадасындағы тұғырлар қайта өңделген пластиктен жасалды

None
None
ТОКИО. Kyodo-ҚазАқпарат – Токиода өтетін Олимпиада және Паралимпиада ұйымдастырушылары журналистерге марапаттау рәсімінде пайдаланылатын қайта өңделген пластиктен жасалған тұғырларды көрсетті. Бұл туралы ҚазАқпарат Kyodo агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл тұғырлар қайта өңделген бөтелкелерден, сонымен қатар теңізден шығарылған пластик қоқыстардан әзірленді. Бұдан бөлек, Олимпиада және Паралимпиада ойындарындағы тұғырларға орнатылған эмблемаларды жасауда 2011 жылы болған жер сілкінісі кезінде құлаған тұрғын үйлерден қалған алюминий пайдаланылған. Осы материалдардың арқасында ұйымдастырушылар «тұрақты өмір сүру» қағидасын жүзеге асырды. Бұл, сонымен қатар, Токиода өтетін ойындардың тұжырымдамаларының бірі, деп атап өтеді Киодо.

Айта кетсек, Олимпиадалық ойындар 2021 жылдың 23 шілдесі мен 8 тамызы аралығында өтеді, ал Паралимпиадалық ойындар - 24 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында.


Соңғы жаңалықтар