Токио Олимпиадасында бокстан алғашқы алтын медаль иегері анықталды

None
None
ТОКИО. ҚазАқпарат – Токиодағы Олимпиада-2020 ойындарында бокс турниріндегі алғашқы чемпион анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Олимпиада-2020 ойындарындағы бокстан дебюттік «алтын» әйелдер арасында ойнатылды. 57 келіге дейінгі салмақ санатында финалда филиппин боксшысы Неcти Петесио мен жапон спортшысы Сэна Ириэ қолғап түйістірді. Бұл жекпе-жекте 5:0 есебімен жапон қызы жеңіске жетті. Италиялық Ирме Тесте мен британ боксшысы Кэррисс Артингстолл қола алды.

Олимпиада-2020 ойындарының бокстан ерлер арасындағы алғашқы чемпион бүгін кешке анықталады. 69 келіге дейінгі салмақ санатында британдық Пэт Маккормак мен кубалық боксшы Рониэль Иглесиас жұдырықтаспақ.

Фото: Reuters/Ueslei Marcelino



Соңғы жаңалықтар