ФУТБОЛДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ-2022

Токио Олимпиадасына қатысатын атлеттер күн сайын тестілеуден өтеді

2021 жылғы 21 сәуір, 08:05
Токио Олимпиадасына қатысатын атлеттер күн сайын тестілеуден өтеді

ТОКИО. Kyodo-ҚазАқпарат – Токиодағы жазғы Олимпиаданың ұйымдастырушылары сәуірдің аяғында ойындарды өткізу ережелерінің жаңа нұсқасын бекітіп, онда спортшылардың күн сайын коронавирусқа тестілеуден өтуі керектігі туралы тармақ енгізбек. Бұл туралы ҚазАқпарат Kyodo агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қазіргі кезде бұл шешім Халықаралық Олимпиада комитетімен (ХОК) келісілуде. Тесттердің басым бөлігі антигенге тексереді. Тестілеу оң нәтиже көрсеткен жағдайда, дәрігерлер ПТР тәсілі бойынша қосымша зерттеу жүргізеді. Атлеттерден коронавирус белгілері байқалса, оларды бірден ПТР тестін тапсыруға жібереді. Осыған орай арнайы олимпиадалық ауылда бөлек зертхана ашылмақ.

Тексеріс кестесі ойындардың уақытына байланысты құрылады. Сонымен қоса ойынның қандай да бір кезеңі өтетін күні спортшылар тестілеуден босатылуы мүмкін.

Киодо дерегінше, «Токио-2020» ұйымдастыру комитеті 9 мамырда өтетін жеңіл атлетика бойынша тестілік жарыстарды көрермендерсіз өткізуді қарастыруда.

Токиодағы олимпиадалық ойындар 2020 жылдың 24 шілдесі мен 9 тамызы аралығына жоспарланған еді. Коронавирус пандемиясына байланысты олимпиада бір жылға шегеріліп, енді 2021 жылдың 23 шілдесі мен 8 тамызы аралығында өтпек.

Теги:
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar