Токио Олимпиадасына баратын қазақстандық спортшылар қандай вакцина салдырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов Токиода өтетін Олимпиадаға баратын спортшылардың қандай вакцина салдырғанын айтып берді, айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Лицензия иегерлерінің шамамен 80 пайызы вакцина салдырды, әлі де вакциналау жұмысы жалғасып жатыр», - деді Ерлан Қожағапанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Вице-министр біздің спортшылардың шекарадан өту мәселесі іс жүзінде шешілгенін атап өтті.

«Қазақстандық спортшылар қабылдаған негізгі вакцина – «Спутник V» болып отыр, сондай-ақ спортшылар жиын өтіп жатқан қалалар бойынша вакцина алып жатыр, кей жерде Pfizer, кей жерде AstraZeneca, ал енді бір жерде Moderna салғызуда», - деп түсіндірді Ерлан Қожағапанов.

Бұған дейін Мәдениет және спорт вице-министрі Қазақстанда 82 мың бала үйірме мен спорт секциясына тегін қатыса алатынын айтқан еді.


Соңғы жаңалықтар