+7 (701) 759 90 19
USD 388.81 EUR 429.01
RUB 6.08 CNY 55.49
Jańalyqtar

Токио Олимпиадасы: Ұлттық құраманың киім үлгісіне ашық конкурс жарияланды

2019 жылғы 14 қазан 19:54
Бөлісіңіз:
Токио Олимпиадасы: Ұлттық құраманың киім үлгісіне ашық конкурс жарияланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2020 жылы Токиода өтетін Жазғы Олимпиада ойындарына қатысатын ұлттық құрама спортшыларының киім үлгісіне ашық конкурс жарияланды, деп хабарлайды ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінің баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар
Вице-министр Елдос Рамазанов Көкшетаудың спорт нысандарының жағдайымен танысты Никита Чирюкин нысана көздеуден екі дүркін Азия чемпионы атанды Тамара Олжабаева жартасқа өрмелеуден Азия чемпионатының финалына өтті

«Біз олимпиадашыларды әдемі формамен қамтамасыз етіп қана қоймай, талантты шеберлерді, суретшілер мен дизайнерлерді қолдап, заманауи спорттық киімдер шығаруда жаңа тенденцияларды қолдануына мүмкіндік беріп, еліміздегі олимпиадалық қозғалысқа назар аудартқымыз келеді», - делінген ҰОК хабарламасында.

Конкурсқа өтінімдер 2019 жылдың 14 қазанынан 14 қарашасына дейін қабылданады. Келіп түскен барлық жұмыстар Қазақстан ҰОК ресми сайты мен әлеуметті желідегі парақшаларында жарияланады.

Жеңімпазды жанкүйерлер пікірін ескере отырып, арнайы комиссия құрамы анықтайды. Оған Қазақстан ҰОК мен Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері, спорт қайраткерлері мен ел намысын қорғап жүрген спортшылар кіреді. Қазақстан ұлттық құрамасының парадтық және спорттық киім үлгісі бойынша ең жақсы дизайн идеясының авторлары ақшалай сыйлықтарға ие болады.

Конкурс нәтижесі 2019 жылдың 23 қарашасында Olympic.kz сайтына шығады.

Конкурс ережесімен мына сілтеме арқылы танысуға болады.

Еске сала кетейік, 2020 жылдың 24 шілде мен 9 тамыз күндері Жапония астанасы Токио қаласында XXXII жазғы Олимпиада ойындары өтеді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Спорт,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT