+7 (701) 759 90 19
USD 425.3 EUR 501.05
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Токио Олимпиадасы тікелей эфирден көрсетілетін болды

2021 жылғы 23 шілде 16:12
Бөлісіңіз:
Токио Олимпиадасы тікелей эфирден көрсетілетін болды

НҰР-СҰЛТАн. ҚазАқпарат - XXXII Жазғы Олимпиада ойындарының трансляциясына қатысты жапониялық «Dentsu Inc.» компаниясымен келіссөз нәтижелі аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазақстан» РТРК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
СҚО-да «Ақ бидай-2021» спорттық ойындарының жеңімпаздары анықталды Футзалдан әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасының 1/8 финалдағы қарсыласы анықталды Оралда панкратионнан Қазақстан кубогының жеңімпаздары анықталды

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы мен «Хабар» агенттігі» АҚ ел аумағында Токио Олимпиадасын және 2022 жылғы Бейжіңде өтетін Қысқы Олимпиада ойындарын көрсету құқығын иеленді. Келісімшарт қорытындысы бойынша трансляция құнын қолайлы бағада сатып алу туралы ортақ мәмілеге қол жеткізілді.

Қазақстандықтар 23 шілде мен 8 тамыз аралығында Токиода өтетін Жазғы Олимпиада ойындарын «Qazaqstan», «Qazsport» және «Хабар» телеарналарынан тікелей эфирде көре алады. Әлемдік сайыста Қазақстан құрамасынан спорттың 27 түрі бойынша 96 спортшы бақ сынайды.
Телеарналардағы олимпиадалық жарыстар кестесі қосымша жарияланады.
Айта кетейік, осы сәтте «Qazaqstan» және «Хабар» арнасы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатын тікелей эфирде көрсетіп жатыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT