Токио Олимпиадасы: марафон басқа қалада өтетін болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Халықаралық олимпиада комитеті мен Токия әкімшілігі 2020 жылғы жазғы Олимпиада ойындарының марафоны мен спорттық жүріс жарыстарын көшіру туралы келісімге келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат euronews.com-ға сілтеме жасап.

Желаяқтардың жарысы Токиода емес, Саппорода өтетін болды. ХОК жұмыс тобының отырысында осындай шешім қабылданды. Бірақ Токио губернаторы Юрико Коикэ өз пікірін өзгертпейтіндігін айтты.

«Өз басым марафон да, спорттық жүгіріс жарысы да Токиода болғаны дұрыс деп санаймын. Дегенмен, Олимпиаданы қабылдаушы қала болған соң, Токио жалпы ойындардың өтуіне жағдай жасаудың маңызды екенін ескеруі тиіс. Сондықтан, ХОК шешімімен өз басым келіспесем де, соңғы сөзді айту құқығы бар органның шешіміне араласпаймын», - деді қала басшысы.

Токиодағы аптап ыстыққа байланысты ХОК осындай шешім қабылдап отыр. Соңғы үш жылда Токиода шілденің аяғы мен тамыздың басындағы ауа температурасы 30 градустан түспей қойған. Бұл көрсеткіш 1964 жылғы Токио Олимпиадасымен салыстырғанда айтарлықтай жоғары. Оның үстіне сол жылғы Ойындар қазанның басында өткізілген.

ХОК өкілдері марафон мен спорттық жүгіріске қатысушылардың да, ұзақ жарысты тамашалауға келетін жанкүйерлердің де қамын ойлап отыр.

Соңғы жаңалықтар