+7 (701) 759 90 19
USD 425.3 EUR 501.05
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Токио Олимпиадасы: Қазақстандық дзюдошы Ерлан Серікжанов жарысты сәтті бастады

2021 жылғы 25 шілде 08:19
Бөлісіңіз:
Токио Олимпиадасы: Қазақстандық дзюдошы Ерлан Серікжанов жарысты сәтті бастады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Токио Олимпиадасында дзюдо бойынша жарыстардың екінші күні басталды.

Қазақстандық дзюдошы Ерлан Серікжанов жарысты сәтті бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Бүгін, жарыстың екінші күнінде ерлер 66 келіге дейінгі, әйелдер 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өзара мықтыны анықтайды.

66 келіде Қазақстан сапынан татамиге шыққан Ерлан Серікжанов алғашқы кездесуінде қарсыласын жеңді. Әзірбайжандық Орхан Сафаровпен белдескен ол қосымша уақытта «вазари» ұпайын еншіледі.

Айта кетерлігі, Ерлан Серікжановтың келесі қарсыласы әлем чемпионатының күміс жүлдегері италиялық Мануэль Ломбардо болады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT