+7 (701) 759 90 19
USD 425.85 EUR 499.78
RUB 5.82 CNY 65.87
Jańalyqtar

Токио Олимпиадасы: Қазақстандық балуандардың алғашқы қарсыластары белгілі болды

2021 жылғы 31 шілде 13:42
Бөлісіңіз:
Токио Олимпиадасы: Қазақстандық балуандардың алғашқы қарсыластары белгілі болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ертең, 1 тамыз күні Олимпиада ойындарында күрес түрлерінен бәсекелер басталады.

Ұқсас жаңалықтар
Astana Open: Тимофей Скатов ширек финалға өте алмады Футболдан Қазақстан кубогының ширек финал ойындары өтеді Криштиану Роналду әлемдегі ең көп ақша төленетін футболшыға айналды

Жарыстың алғашқы күнінде Токио боз кілеміне грек-рим мен әйелдер күресінің шеберлері шығады.

Olympic.kz қазақстандық балуандардың алғашқы қарсыластарын ұсынады.

Алғашқы жарыс күні 60 келіде ел сапынан Мейрамбек Айнақұлов (грек-рим күресі) пен 76 келіде Эльмира Сыздықова (әйелдер күресі) күреседі.
Мейрамбек Айнақұлов пен Эльмира Сыздықованың алғашқы белдесуi Қырғызстан балуандарына қарсы өтеді. Мейрамбек тәжірибелі Жоламан Шаршенбековпен кездессе, Эльмира Айперi Медетқызымен кiм мықтыны анықтайды.

Жарыстар Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 08:00-де басталады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT