Токио Олимпиадасы: Қазақстан спортшыларының формасы осы айда дайын болады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов қазақстандық спортшылар Токио Олимпиадасында қандай форма киеді деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл мәселе Ұлттық Олимпиада комитетінің бақылауында. Менің білуімше, осы айдың соңына дейін бұл форманы көре аламыз. Киімді ұлттық компания тігеді, кейбір элементтер жаңа инновациялық әдістермен шешіліп жатыр. Біз әр Олимпиадада формамызға өзгерістер енгіземіз, Токио Олимпиадасындағы ұлттық құрамамыздың формасы Риоға қарағанда әдемірек болатынына сенемін», - деді Ерлан Қожағапанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында тілші сұрағына.

Бұған дейін Мәдениет және спорт вице-министрі Токиодағы Олимпиадаға баратын спортшылардың қандай вакцина салдырғанын айтып берген еді.


Соңғы жаңалықтар