Токио Олимпиадасы: еріктілерінің 79% COVID-19-ға қатысты алаңдаушылық танытты

None
None
ТОКИО. KYODO NEWS-ҚазАқпарат – Сәрсенбі күні Токио үкіметі жүргізілген сауалнамаға сәйкес, алдағы жылдың жазында өтетін Олимпиада және Паралимпиада ойындары еріктілерінің 79 пайызы жаңа коронавирустың таралуына қатысты алаңдаушылық танытып отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат KYODO NEWS-ке сілтеме жасап.

«City Cast»-тің 13 480 еріктісі жауап берген онлайн-сауалнамада адамдардың 75,1 пайызы Жапония астанасының еріктілер жұмысы үшін қауіпсіз жағдай құрғанын қалайтынын айтқан.

City Cast еріктілері пандемия салдарынан бір жылға кейінге қалдырылған Олимпиада және Паралимпиада ойындары кезінде туристер мен көрермендерге көлік ұсынады, қаланы аралатып, жан-жақты ақпарат береді.

Айта кетсек, Токио қаласындағы Олимпиада ойындары алдағы жылдың жазында, 23 шілде мен 8 тамыз аралығында өтеді. Ал 24 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында Паралимпиада ойындары болады.


Соңғы жаңалықтар