+7 (701) 759 90 19
USD 389.86 EUR 435.32
RUB 6.12 CNY 55.12
Jańalyqtar

Токио Олимпиадасы: Алтынға басты үміткерлер аталды

2019 жылғы 15 тамыз 15:18
Бөлісіңіз:
Токио Олимпиадасы: Алтынға басты үміткерлер аталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру комитетінің төрағасы Серік Сәпиев ХХХІІ Жазғы Токио Олимпиадасында қазақстандық спортшылардан болжам бойынша 10 медаль күтіліп отырғанын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ресей Токио Олимпиадасынан шеттетілуі мүмкін – The Telegraph Токио-2020 Олимпиада ойындарын ақпараттық қолдау туралы меморандумға қол қойылды Токио Олимпиадасына дайындық қалай жүріп жатыр

«Олимпиада ойындарына дайындық жоспар бойынша жүріп жатыр. Қазіргі таңда спорттың 6 түрі бойынша 10 лицензия қолда бар. Комитетке біздің ұлттық құрамаларды дайындау бойынша тапсырма беріп жатырмыз. Барлық лицензиялық сайыстар жоспарда. Риодағы Олимпиада деңгейіндегідей жетістікті төмендетпеуіміз керек. Менің ойымша, Қазақстанның спортшылары 10 медаль алады. Үшеуі алтын болса деген мақсат бар. Алтын алатындардың қатарына - Дмитрий Баландин, Елдос Сметов пен Ольга Рыпакованы жатқызар едім», - деді ол.

Айта кетсек, бұған дейін Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова 2020 жылы Токиода өтетін 32-ші Жазғы Олимпиада ойындарына дайындық қалай жүріп жатқанын жеткізген болатын. Оның айтуынша, лицензия таратылар алда 50 ірі спорттық сайыс бар.


Еске салар болсақ, Қазақстан құрамасы Рио-де-Жанейрода өткен XXХI Олимпиада ойындарында 3 алтын, 5 күміс және 9 қола медаль иеленген болатын. Қазіргі уақытта жеңіл атлетикадан Георгий Шейко мен Ольга Рыпаковада, велошосседен Евгений Гидичте, жүзуден Дмитрий Баландинде (екеу), ашық суда жүзуден Виталий Худяковта, садақпен атудан Санжар Мұсаевта, Денис Ганкин мен Рифат Абдуллинде Олимпиада ойындарының лицензиясы бар.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT