Токио электр жарығынсыз қалды, пойыздар тоқтап тұр

None
None
ТОКИО. ҚазАқпарат – Жапония астанасында электр жарығының сөнуіне байланысты бірнеше теміржол торабында пойыздар қозғалысы жаппай тоқтады. Бұл туралы жексенбі күні елдегі ірі теміржол операторы JR East мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Көлік жұмысындағы ақау сегіз желіде, соның ішінде ең үлкен «Яманотэ» теміржол желісінде болған. Электр энергиясы Токионы көрші Сайтама префектурасымен байланыстыратын бағытта өшкен.

NHKтелеарнасының мәліметінше, жарық Вараби қаласында (Сайтама префектурасы) JR East стансасындағы өрт салдарынан өшуі мүмкін.

«Яманотэ» желісі 30 стансадан тұрады, оның ұзақтығы 35 шақырымды құрайды. Күн сайын бұл желіні 4 млн адам пайдаланады, ал пойыздардың ең жоғары жылдамдықтағы қозғалысы 90 км/сағатқа жетеді.


Соңғы жаңалықтар