Токио-2020: Жазғы Олимпиада медалі ескі смартфондардан жасалады - Әлемдік баспасөзге шолу

None
None
«ҚазАқпарат» ХАА әдеттегідей оқырман назарына әлемдік ақпарат көздеріне шолуын ұсынады.

30 жылдан кейін әлем халқы азая бастайды - Daily Mail

Біріккен Ұлттар Ұйымы әлем халқының саны күннен күнге артып, Жердегі ресурстар азайып жатқанын айтып дабыл қаққаны белгілі. Daily Mail басылымының жазуынша, жақында жарыққа шыққан жаңа кітапта керісінше Жердегі адамдар санының арту дағдарысынан қорықпау керектігі жазылған.null

«Бүгінгі таңда планетамызда 7,7 млрд адам бар. Ал 2050 жылы бұл көрсеткіш 9 млрд-қа жетуі мүмкін. Дегенмен, канадалық журналист Джон Иббитсон мен саясаттанушы Даррел Брикер бұл деректің қате екенін айтады», деп жазады басылым. Олар «Бос планета» (Empty Earth) атты кітабында 30 жылдан кейін әлем халқы азая бастайтынын келтірген.

«Планета тұрғындары азая бастағанда, оны тоқтату мүмкін болмай қалады», депті авторлар.

БҰҰ туу көрсеткіші, миграция мен өлім коэффициентін негізге ала отырып әлем халқының санына болжам жасаған. Дегенмен, кітап авторларының айтуынша, урбанизация жылдамдығы, әйелдердің білім деңгейінің артуы секілді факторлар ескерілмеген.

«Әйелдердің білім сапасының артуын ескерсек, әлем халқының саны 2100 жылы қазір болжанып отырғандай 11 млрд емес, 8-9 млрд болады. Бұл тек ескерет кететін факторлардың бірі ғана», - дейді авторлар.

Басылымның хабарлауынша, зерттеушілер әлемдегі 26 мемлекеттегі отбасын жоспарлау көрсеткішін де ескеріп, көпшілігі 1-2 баланы құп көретінін анықтапты. «Сондай-ақ жастар саны да азаяды, себебі өмір салты жақсарып, адамның өмір сүру ұзақтығы артуының салдарынан қарттардың саны көбейе береді», дейді авторлар.

Дүниеге келгеніне наразы бизнесмен ата-анасын сотқа берді - Vox

Мумбайдағы бизнесмен Рафаэль Сэмюэл «оны дүниеге әкелгені үшін» өз ата-анасын сотқа берді. Vox басылымының жазуынша, бұл күлкілі жағдай болып көрінуі мүмкін, дегенмен, оның кесірінен қазір қоғамда адам санын көбейтуді жат қылық санаушылар қатары артқан.

«Сізді біреулер ұрлап, мүлдем таныс емес ортаға апарса, қиналасыз ғой? Бұл заң бұзушылық деп сотқа да бере аласыз. Ал менің рұқсатымсыз мені өмірге алып келу қылмыс емес пе?», - дейді Рафаэль Сэмюэл. Оның айтуынша, бала туатын кезде оның рұқсаты алынбайтындықтан, бала туу да этикаға жатпайтын нәрсе.

«Әрине, Сэмюэл сотта жеңе алмайтыны анық. Оның ісін қарауға ешбір жақтаушы да, заңгерлер де келісім бермей жатыр. Ал анасы сотта оның тас-талқанын шығаратынын айтқан», деп жазады басылым.

Дегенмен, автордың айтуынша, Сэмюэлді жақтаушылар өздерін антинатализм өкілі санап, б ұл идеяны кең таратуға тырысып жатқан көрінеді. «Олар 2006 жылы «Дүниеге келудің зияны: одан да өмір сүрмеген артық» атты кітапты жазған философ Дэвид Бенатардың идеяларын таратып жатыр. Бұл идеяны қолдаушылар дүниеге келуді қастандық көреді. Дэвид Бенатар журналистерге берген сұхбатында өркениет болмаса, адамдар жойылып, жануарлар әлемі бақытқа кенелетінін айтыпты. Оның ойынша, адам өлгенде оның барлық қиындықтары жойылып, қиналмайтын болады», деп жазады басылым.

Ал Рафаэль Сэмюэлдің айтуынша, анасы оны тумай тұрып онымен тілдесудің жолы болмағанын жеткізген. «Ол мен жас болдым, менің басқа таңдауым болмады деп ақталуға тырысып отыр. Бірақ таңдау болды емес пе?», - дейді Рафаэль.

Токио-2020: Жазғы Олимпиада медалі ескі смартфондардан жасалады - The Guardiannull

Токио-2020 Олимпиадасының медальдары қоқыстағы смартфондар мен ескі ноутбуктерден жасалатын болады.

«Олимпиаданы ұйымдастырушылардың айтуынша, медаль жасау үшін электронды қалдықтар қолданылатын болады. Ондай қалдықтар смартфондардан, фотоаппараттар мен ноутбуктерден алынбақ», деп жазады The Guardian басылымы.

Мақала авторларының жазуынша, ұйымдастырушылар наурыз айына дейін ескі электронды құрылғыларды жинап, оның ішіндегі алтын, күміс, қоланы медаль жасау үшін пайдаланады.

«Ұйымдастырушылар комитетінің айтуынша, былтыр қараша айына дейін 47 488 тонна қажетсіз құрылғылар жиналған. Жоба қолға алынған 19 айда 30,3 кг алтын, 4 100 кг күміс, 2 700 кг қола алынған», деп жазады басылым. Ұйымдастырушылардың айтуынша, былтыр маусым айында қажетті алтынның 90%, күмістің 85% жиналған. Ал қалған металдар азаматтардың ерікті түрде тапсырылған құрылғыларынан алынатын болады. Токио олимпиадасының медальдары биыл жұрт назарына ұсынылады деп күтілуде.

Алғаш рет қол протезі адам жүйкесіне жалғанды - Science Daily null

Швед ғалымдары алғаш рет қол протезін адам нервісіне жалғады, нәтижесінде емделуші протезді өзі басқаруға мүмкіндік алды. Science Daily басылымының жазуынша, DeTOP деп аталатын жобаныШвециядағыЧалмерс технологиялық университетінің зерттеушілері мен Integrum AB биотехнологиялық фирмасы бірігіп қолға алған, ал бастаманы Еуроодақ қаржыландырған.

«Әйелдің жүйкесіне 16 электрод жалғанды. Электродтар арқылы әйел өзінің протез қолын басқара алады. Бұл әлем бойынша алғаш рет жасалып отыр», деп жазады автор.

Өз уақытыңызды сатып алыңыз - The New York Timesnull

The New York Times газеті «Уақытыңызды көп жұмсауға тура келетін кезде ақша төлеңіз» атты мақала жариялап, ақша немесе уақыт екеуінің біреуін таңдау керек болса, уақытқа басымдық берген жөн екенін жазыпты. Автордың айтуынша, уақыт үнемдеу адамды бақытты ете түседі.

«Телефон немесе автокөлік сатып алған кезде көбіміз ақшамызға лайықты дүние болуын қадағалап, мұқият тексереміз. Дегенмен, өзімізге уақыт арнау керек кездері дәл осы тәжірибеге жүгінбейміз», деп жазады автор.

Оның айтуынша, адам не нәрсеге көп уақытын арнайтын болса, сол дүние үшін ақшасын аямауы керек. «Мысалы, америкалықтардың көбі уақытын жұмыста, ұйқыда немесе демалыста өткізеді екен. «Мысалы, жұмысыңызға керемет орындық сатып алсаңыз, ол сізге пайдалы болады. Ал ұйқыға керек ыңғайлы көрпені қымбатсынбаған жөн», дейді автор.

«Адамның уақыты мен ақшаның арасындағы қатынас та маңызды. Мысалы, роботтанған қымбат шаңсорғыш сатып алу үй жинауға кететін уақытты азайтады. Яғни, өзіңіздің уақытыңызды үнемдеуге көмектесе алады. Адамның уақытты көбейте алмайтыны белгілі. Бірақ қажет болса, уақыт үнемдеуге болатын дүниелерден ақшаны аямаған жөн», деп жазады автор.

Соңғы жаңалықтар