+7 (701) 759 90 19
USD 423.91 EUR 497.37
RUB 5.82 CNY 65.59
Jańalyqtar

Токио-2020: Ярослава Шведова жарысты жалғастырудан бас тартты

2021 жылғы 25 шілде 16:01
Бөлісіңіз:
Токио-2020: Ярослава Шведова жарысты жалғастырудан бас тартты

ТОКИО. ҚазАқпарат - Жапония астанасы Токио қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында қазақстандық теннисші Ярослава Шведова жарысты жалғастырудан бас тартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Astana Open: Александр Бублик финалға шыға алмады Теннис: Елена Рыбакина Острава турнирінің жартылай финалына өте алмады Astana Open: Александр Бублик жартылай финалға шықты

Жарыстың алғашқы сатысында ол австралиялық Айле Томляновичпен кездескен болатын. WTA рейтингісінде Я. Шведова 454-орында тұрса, қарсыласы 51-орынға жайғасқан.

Қазақстандық теннисші бірінші сетте қарсыласына 5:7 есебімен жеңілді. Екінші сетте 2:3 есебі тіркеліп тұрған мезетте қазақстандық спортшы жарысты жалғастырудан бас тартты.

Айта кетейік, қазақстандық Елена Рыбакина пен Михаил Кукушкин жекелей сында жарыстың бірінші сатысынан іркілмей өтті .

Ал құрама сапынан Зарина Дияс, Юлия Путинцева және Александр Бублик түрлі себептермен жарыс жолынан шығып қалды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT