+7 (701) 759 90 19
USD 425.85 EUR 499.78
RUB 5.82 CNY 65.87
Jańalyqtar

Токио-2020: Теннисші Елена Рыбакина аустралиялық қарсыласын қапы қалдырды

2021 жылғы 24 шілде 10:54
Бөлісіңіз:
Токио-2020: Теннисші Елена Рыбакина аустралиялық қарсыласын қапы қалдырды

ТОКИО. ҚазАқпарат – Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Токио Олимпиадасындағы алғашқы кездесуін жеңіспен аяқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Теннис: Юлия Путинцева Острава турнирін жеңіспен бастады Astana Open: Дмитрий Попко өткен жылғы чемпионға жол берді Astana Open: Тимофей Скатов тәжірибелі теннисшіні жеңіп, екінші айналымға шықты

Бірінші айналымда оның қарсыласы аустралиялық Саманта Стосур болды. 1 сағат 10 минутқа созылған сайыста қарсыласынан 6:4 және 6:2 есебімен екі басым түскен қазақстандық тениисші жарыстың келесі раундына шықты.

Тағы бір қазақстандық теннисші Александр Бублик ресейлік Даниил Медведевпен күш сынасып жатыр.

Бұған дейін хабарлағанымыздай , дзюдошы Елдос Сметов қарсыласын ұтып, жартылай финалға шықты.

Енді жартылай финалда жапониялықпен күш сынасады.

Айта кетсек, ширек финалда ол Оңтүстік Кореяның үміті Ким Вон Джинмен белдескен болатын. Қазақстандық дзюдошы қарсыласын «иппон» әдісімен ұтып кетті.

Сондай-ақ, боксшы Серік Теміржанов та өзінің алғашқы жекпе-жегін жеңіспен аяқтады.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT