+7 (701) 759 90 19
USD 425.48 EUR 494.2
RUB 6.14 CNY 66.67
Jańalyqtar

Токио-2020: Су добынан Қазақстан құрамасы Сербияға есе жіберді

2021 жылғы 27 шілде 12:40
Бөлісіңіз:
Токио-2020: Су добынан Қазақстан құрамасы Сербияға есе жіберді

ТОКИО. ҚазАқпарат - Токио Олимпиадасында су добынан Қазақстан құрамасы қарсыласынан жеңіліп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
«Мұндай шешім қабылдау оңай емес» - «Тараздың» ФК бас бапкері қызметінен кетті Қарағанды облысында ат спорты түрлерінен чемпионат өтті Құрлықтық хоккей лигасы: «Барыс» қатарынан төртінші ойында жеңілді

Қазақстандық спортшылар топтық кезеңдегі екінші кездесуін Сербия құрамасына қарсы өткізді. Кездесу барысында 5:19 есебімен қарсыласына есе жіберді. Құрама сапынан Евгений Медведев пен Сржан Вуксанович екі-екіден мергендік танытса, Дусан Маркович бір голдың авторы атанды.

Енді қазақстандық құрама 29 шілдеде Испанияға қарсы ойнайды.

Еске салсақ, бұдан бұрын топтық кезеңдегі бірінші кездесуінде Қазақстан құрамасы Хорватиядан жеңіліп қалды .

Қаазақстан В тобында сынға түседі. Қарсыластары - Черногория, Испания, Сербия, Хорватия, Австралия.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Олимпиадаға төртінші мәрте қатысып отыр. 2000 жылы жалпы командалық есепте тоғызыншы орынға табан тіреп, әзірге ол құраманың ең жоғары жетістігі ретінде тіркелген.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT