Токио-2020: Спорттық гимнастикадан қазақстандық финалда 3 медальға таласады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Токио Олимпиадасында спорттық гимнастикадан іріктеу турнирі аяқталып, финалға өткен спортшылар есімі белгілі болды. Олардың қатарында қазақстандық Милад Карими де бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҰОК сілтеме жасап.

Милад Карими үш жаттығу бойынша финалға жолдама алды.

Ол гимнастикалық кермедегі жаттығу бойынша іріктеуде 14.766 ұпай жинап, екінші нәтиже көрсетті.

Еркін жаттығуда 8-ші орын иеленіп, финалға жолдама алды. Сондай-ақ, көпсайыс бойынша 20-шы орынға тұрақтап, Токио Олимпиадасының финалдық кезеңіне өтті.

Осылайша, қазақстандық гимнаст үш финалда бақ сынайды.


Соңғы жаңалықтар