+7 (701) 759 90 19
USD 425.3 EUR 501.05
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Токио-2020: Сәкен Бибосынов жартылай финалға шықты

2021 жылғы 3 тамыз 15:15
Бөлісіңіз:
Токио-2020: Сәкен Бибосынов жартылай финалға шықты

ТОКИО. ҚазАқпарат - Токио Олимпиадасында қазақстандық Сәкен Бибосынов (52 келі) жартылай финалға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Бокстан әйелдер құрамасының айналасындағы дау бойынша арнайы комиссия құрылды Айдос Ербосынұлы нокаутпен жеңгеннен кейін IBF рейтингінде үздік бестікке енді Айдос Ербосынұлы ең маңызды жекпе-жегінен кейін әлемдік рейтингіде көтерілді

Ол бүгін ширек финалда испаниялық Габриэль Эскобармен қолғап түйістірді.

Сәкеннің қарсыласы - Габриэль Эскобар 1996 жылдың 22 шілдесінде Испанияның Леганес қаласында дүниеге келген. Бүгінге дейін құрлықтық додаларда жеңімпаздар қатарынан көрінді. Әзірге дүниежүзілік деңгейде жүлде алған жоқ.

Бүгінгі жекпе-жекте Сәкен қарсыласымен тартысты жекпе-жек өткізді. Нәтижесінде қарсыласынан 3:2 есебімен басым түсті.

Бұдан бұрын жартылай финалға Қамшыбек Қоңқабаев (91 келіден жоғары) шыққан болатын.

Ал Сәкен Бибосынов бірінші жекпе-жегінде Пуэрто-Рикодан келген Янкиель Ривераны 4:1 есебімен жеңсе, одан кейін франциялық Биллал Беннамнан 5:0 есебімен басым түсті.

Бүгін тағы бір қазақстандық Закир Сафиуллин (63 келі) ширек финал ойынын өткізеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT