+7 (701) 759 90 19
USD 425.85 EUR 499.78
RUB 5.82 CNY 65.87
Jańalyqtar

Токио-2020: Сәкен Бибосынов француз боксшысымен жекпе-жекке шығады

2021 жылғы 26 шілде 22:02
Бөлісіңіз:
Токио-2020: Сәкен Бибосынов француз боксшысымен жекпе-жекке шығады

ТОКИО. ҚазАқпарат - Жапония астанасы Токио қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында қазақстандық боксшы Сәкен Бибосыновтың қарсыласы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Бокстан ӘЧ-2021: жүлдегер  қазақстандықтарды рекордтық ақшалай сыйақы күтіп тұр Бокстан әйелдер құрамасының айналасындағы дау бойынша арнайы комиссия құрылды Ақтөбеде халықаралық олимпиада жеңімпазы марапатталды

Қазақстандық спортшы 52 келідегі алғашқы жекпе-жегінде Пуэрто-Рико елінен келген Янкьель Ривера Фигероаны тізе бүктірді.

Ол енді 1/8 финалда франциялық Билал Беннаммен қолғап түйістіреді.

Билал Беннам - тәжірибелі боксшының бірі. Ол 2019 жылы Ресейдің Екатеринбург қаласында өткен әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды.

Аталған жарыста олар 49 келі салмақта жұдырықтасқан еді.

2020 жылғы Олимпиадада Қазақстан атынан тоғыз боксшы бақ сынауда. Оның 8-і - ерлер, біреуі - әйелдер бәсекесінде шаршы алаңға шығады.

Айта кетейік, бұған дейін Сәкен Бибосыновтан өзге Серік Теміржанов (57 келі) пен Закир Сафиуллин (65 келі) алғашқы кездесуін сәтті өткізіп, жарыстың келесі сатысына шыққан болатын.

Ал 27 шілдеде Абылайхан Жүсіпов (69 келі) пен Василий Левит (91 келі) алғашқы жекпе-жегін өткізеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT