+7 (701) 759 90 19
USD 425.3 EUR 501.05
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Токио-2020: рак дертін жеңген оңтүстіккореялық таеквондошы қола медаль еншіледі

2021 жылғы 28 шілде 02:24
Бөлісіңіз:
Токио-2020: рак дертін жеңген оңтүстіккореялық таеквондошы қола медаль еншіледі

ТИБА. YONHAP- ҚазАқпарат – Рак дертінен айыққан оңтүстіккореялық таэквондошы Ин Кё-дон Жапония Олимпиадасында қола медаль олжалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат YONHAP агенттігіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Екі адамды қағып өлтірген 90 жастағы экс-шенеунікке тағайындалған түрме жазасы аяқталды Теннис: Юлия Путинцева Словениядағы жарыстың жартылай финалына шықты Жапония COVID-19-ға қарсы үшінші екпені енгізуді бастауы мүмкін

80 келіден жоғары салмақта ерлер арасындағы қола үшін болған бәсекеде словениялық Иван Конрад Трайковичті 5-4 есебімен жеңген Йинг оның бұл жетістігі қатерлі ісікпен күрескен басқа адамдарды жігерлендіреді деп есептейді.

2014 жылы оған 22 жасында лимфома диагнозы қойылды. Келесі жылы Ин Кё-дон жарысқа қайта оралды. Ал 2019 жылдың жазында дәрігерлер оның қатерлі ісіктен толық жазылғандығын мәлім етті.

«Мен ол кезде Олимпиада ойындары деген сөзді тіпті ойыма да алмаған едім», - деді Инг Токионың шығысындағы Чибадағы А Makuhari Messe залында. «Олимпиада медалін алу үшін ұзақ жолдан өттім. Менің бұл жетістігім қатерлі ісікпен күресіп жатқан сырқаттарды шабыттандырады деген сенімдемін».

Олимпиададағы алғашқы дебютін 29 жасында, өзге ойыншылардан кешірек өткізген о л алтын болмаса да, өз медалін әлдеқайда жоғары бағалайтынын айтты.

«Мен жартылай финалда ұтылдым, бірақ қолымнан келгеннің бәрін жасадым», - деді Инг. «Бұған еш өкінбеймін».

Сондай-ақ ол Токио Олимпиадасы өзінің алғашқы және соңғы жарысы екендігін жеткізді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT