Токио-2020: Олимпиаданың басталуына тура бір жыл қалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін, 2020 жылғы Токио Олимпиадасының басталуына тура бір жыл қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2020 жылдың 24 шілдесі мен 9 тамызы аралығында Жапония астанасы Токио ХХХІІ Жазғы Олимпиада ойындарын қабылдайды. Бүгінгі таңда төртжылдықтың басты додасына күншығыс елі қызу дайындық жүргізіп жатыр.

Ашылу салтанатынан бұрын, яғни 2020 жылдың 22 шілдесінде футбол мен софтболдан іріктеу сыны басталады. Сондай-ақ, ашылу салтанаты өтетін күні ескек есу мен садақ ату спортының өкілдері жарыс жолына шығады. 2020 жылғы Токио Олимпиадасының бірінші жарыс күнінде спорттың 21 түрінен жарыстар өтеді. Оның ішінде үстел теннисі, теннис, дзюдо, бадминтон, гимнастика, теннис пен велоспорт бар.

Токио-2020 ойындарының бағдарламасына қосылған 3x3 баскетбол, скейтбординг пен серфинг алғашқы демалыста басталып, бүкіл ойын барысында ел назарына ұсынылады.

2020 жылдың 1 тамызында Олимпиада ойындарына алғаш рет енген спорт түрлерінен көптеген жүлде өз иесін таппақ. Атап айтар болсақ, дзюдодан командалық жарыс, триатлоннан аралас командалық эстафета және аралас командалық атудан медальдар жиынтығы сарапқа салынады. Бұл күні спорттың 23 түрінен жарыс өтеді.

Токио-2020 Олимпиадасының ең соңғы жарыс күнінде ерлер арасындағы марафон басталады. Әлемдегі үздік алты марафон қатарына енетін жыл сайынғы Токио марафоны енді миллиондаған көрерменнің назарын аудармақ.

Токио-2020 Олимпиадасында 42 спорт нысаны жұмыс істейді. Бүгінге дейін 24 нысан жұмыс істеп тұр, 10 уақытша нысан және 8 жаңа нысан салынады.

Соңғы жаңалықтар