Токио-2020: Олимпиада лицензияларының 70 пайызы ойнатылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) Токиодағы Ойындарға қатысуға арналған лицензиялардың 70 пайызы бөлінгендігі туралы мәлім етті. Осылайша, 7800-ден астам спортшы алдағы Олимпиаданың қатысушылары болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қалған квоталар рейтингтерге сәйкес, сондай-ақ квалификациялық жарыстар арқылы ойнатылады. Бұл ретте футбол, су добы, спорттық күрес, тректегі және шосседегі велоспорт, гандбол, көгалдағы хоккей, волейбол, құзға шығу, суға секіру, ат спортында жолдамаларды үлестіру аяқталды.


Соңғы жаңалықтар