Токио-2020: Нұрислам Санаев қола медаль үшін таласады

None
None
ТОКИО. ҚазАқпарат - Токио Олимпиадасында еркін күрестен қазақстандық Нұрислам Санаев (57 келі) жартылай финалда үндістандық Рави Кумармен белдесуге шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгінгі белдесуде қазақстандық балуан жақсы ойын көрсетті. Кездесу барысында қарсыласын 9:1 есебімен жеңіп тұрды. Дегенмен жарақат алып қалуына байланысты соңғы сәттерде қарсыласына есе жіберіп қойды.

Осылайша үндістандық балуан финалға жолдама алды. Ал Нұрислам Санаев 3-орын үшін сайысқа түседі.

Ал финал мен 3-орын үшін сайыс 5 тамызға белгіленген.

Қазақстандық балуан бұдан бұрын Гвинеи-Бисаудан келген Юна Фафе және жапониялық Юки Такахасиді қапы қалдырып кеткен еді.

Нұрислам Санаев 1991 жылы дүниеге келген. Әлем чемпионатында 2018 жылы күміс, 2019 жылы қола жүлдегер атанды. Ал Азия чемпионатында 2018 жылы жеңімпаз болса, 2017 жылы үшінші орын алды.


Соңғы жаңалықтар