Токио-2020: Мөлдір Жаңбырбай украиналық қарсыласымен тең түсті

None
None
ТОКИО. ҚазАқпарат - Токио Олимпиадасында қазақстандық Мөлдір Жаңбырбай (55 келі) каратэ-додан екінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Екінші кездесуінде Мөлдір украиналық Анжелика Терлюгамен кездесті.

Алғашқы сәттерде қарсыласы бірден үш ұпай алып кетті. Одан кейін Мөлдір қайтадан таразы басын теңестірді.

Жекпе-жек 4:4 есебімен тең аяқталды.

Анжелика Терлюга 1992 жылдың 27 мамырында дүниеге келген. Бүгінгі дейін Еуропа чемпионатында 3 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль алған. Сондай-ақ, еуропалық ойындарда күміс жүлдегер атанды.

Айта кетсек, Мөлдір Жаңбырбай В тобында сынға түседі. Қарсыластары - украиналық Анжелика Терлюга, жапониялық Михо Мияхара, австриялық Беттина Планк және мысырлық Радван Сайед.

Мөлдір алғашқы жекпе-жегінде мысырлық Радван Сайедті жеңсе, одан кейін австриялық Беттина Планкқа есе жіберді.

Енді қазақстандық спортшы төртінші жекпе-жегінде жапониялық Михо Мияхарамен кездеседі.

Олимпиадада әйелдер арасында 55 келіде сынға түсіп жатқан 9 каратэ-до шебері екі топқа бөлінген. Әрбір топтағы спортшылар бір-бірімен кездеседі. Үздік шыққан екеуі жартылай финалға шығады.

Жартылай финалда төрт спортшы өзара бір-бірімен кездесіп, үздік үштікті анықтайды.


Фото: пресс-служба НОК Казахстана, Владислав Семенов




Соңғы жаңалықтар