Токио-2020: Медальдар кестесінде Қазақстан 19-орында тұр

None
None
ТОКИО. ҚазАқпарат - Жапония астанасы Токио қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарындағы алғашқы күнгі медальдар есебі жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кетейік, бүгін дзюдошы Елдос Сметов 60 келіде ел қоржынына қола медаль салды. Осылайша Қазақстан құрамасы Олимпиаданың бірінші күнінде медаль алған мемлекеттер қатарына енді.

Нәтижесінде Қазақстан құрамасы Эстония, Франция, Индонезия, Израиль, Мексика, Моңғолия, Словения, Швейцария және Украина секілді бір қоламен 19-орынды өзара бөлісіп тұр.

Көш басында 3 алтын, 1 қола жүлдемен Қытай келеді. Одан кейінгі орындарда Италия мен Жапония тұр.

Токио Олимпиадасының 24 шілдеде медаль алған ел құрамаларының алғашқы ондықтағы кестесі төмендегіше:

1. Қытай - 3-0-1

2. Италия - 1-1-0

2. Жапония - 1-1-0

4. Оңтүстік Корея - 1-0-2

5. Эквадор - 1-0-0

5. Венгрия - 1-0-0

5. Иран - 1-0-0

5. Косово - 1-0-0

5. Таиланд - 1-0-0

Биыл дүбірлі додада 33 спорт түрінен 339 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Айтулы аламанға жер бетіндегі 206 мемлекеттен 11 мыңнан астам спортшы қатысуда. Қазақстандық 97 спортшы күншығыс елінде спорттың 28 түрінен бақ сынайды.

Еске салсақ, Токио Олимпиадасы 23 шілдеде басталды. Ол 8 тамызда мәресіне жетеді.

Бұған дейін Қазақстан құрамасы алты Жазғы Олимпиадада бақ сынады. Жалпы алғанда 21 алтын, 28 күміс, 64 қола медаль алды.


Соңғы жаңалықтар