Токио-2020: Қазақстандық таеквондошылардың алғашқы қарсыластары анықталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық таеквондошылар Жансель Дениз бен Руслан Жапаровтың Токио Олимпиадасындағы алғашқы қарсыластары анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Екі спортшы да жарысты 27 шілдеде бастайды.

67 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Жансель Дениз өзбекстандық Светлана Осиповаға қарсы шығады.

80 келіден жоғары салмақта жүлдеге таласатын Руслан Жапаровтың қарсыласы – германиялық Александр Бахман.


Соңғы жаңалықтар