+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Токио-2020: Қазақстан спортшыларында 37 жолдама бар

2020 жылғы 10 наурыз 01:05
Бөлісіңіз:
Токио-2020: Қазақстан спортшыларында 37 жолдама бар

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Иорданияның Амман қаласында өткен бокстан Олимпиадаға іріктеу турнирінде лицензияға қол жеткізген барлық боксшылардың есімі белгілі болды. Қазақстан боксшыларынан ерлер құрамасы 7, әйелдер құрамасы 1 жолдама алған еді. Осылайша, олимпиадаға жалпы жолдамалар санын 37-ге жетіп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аммандағы Олимпиадалық іріктеу турнирінде ерлерден 8 салмақ, әйелдерден 5 салмақ санатында жалпы 13 боксшы сынға түсті.

Ерлерден 52 келі салмақта Сәкен Бибосынов, 57 келіде Серік Теміржанов, 63 келі салмақта Зәкір Сафиуллин, 69 келіде Абылайхан Жүсіпов, 75 келі салмақта Әбілхан Аманқұл, 81 келіде Бекзат Нұрдәулетов, 91 келі салмақта Василий Левит және аса ауыр салмақта (+91 келі) Қамшыбек Қоңқабаев ел намысын қорғады. Боксшылар арасынан Сәкен Бибосыновтан басқасының барлығы Токио Олимпиадасына жолдама жеңіп алды.

Ал қыздар боксынан 75 келі салмақта Надежда Рябец қана Токио Олимпиадасына жолдаманы ұтты.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қанат Мәметқазыұлы

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT