Токио-2020: Қазақстан қоржынында қанша лицензия бар

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық спортшылар бүгінге дейін Токио Олимпиадасына спорттың 15 түрінен 29 жолдама жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ең көп лицензияны еркін күрес балуандары және садақ атушылар жеңіп алған. Аталған спорт түрлерінен төрт-төрттен барлығы 8 жолдама бар.

Екінші орында 3 жолдамаға иелік еткен жеңіл атлеттер мен тасжолдағы велоспортта сынға түсетін спортшылар тұр.

Ал жүзу спортынан - 2, грек-рим күресінен - 2, әйелдер күресінен 2 лицензия бұйырған болса, қазіргі бессайыстан тағы 2 жолдамамыз бар.

Келесі спорт түрлерінен әзірге Олимпиадаға бір-бірден жолдама бар - ашық суда жүзу, синхронды жүзу, спорттық құзға өрмелеу, спорттық гимнастика, стенд ату, нысана көздеу, каратэ.

Еске салайық, осы күндері Иорданияның Амман қаласында бокстан Азия-Тынық мұхиты аймағы елдерінің іріктеу турнирі өтіп жатыр. Бұл додадан кейін жолдамалар саны артады деген үміттеміз.


Соңғы жаңалықтар