Токио-2020: Қамшыбек Қоңқабаевтың жартылай финалдағы қарсыласы анықталды

None
None
ТОКИО. ҚазАқпарат - Токио Олимпиадасында қазақстандық Қамшыбек Қоңқабаев (91 келіден жоғары) енді жартылай финалда кіммен кездесетін белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық боксшы 4 тамызда жартылай финалда АҚШ-тан келген Ричард Торрезбен қолғап түйістіреді. Ол бүгін кубалық Дайньеро Пероны қапы қалдырып кетті.

Ричард Торрез 1999 жылы 1 маусымда дүниеге келген. Қазірге дейін әуесқой бокста 60 жекпе-жек өткізіп, оның 51-де жеңіске жетті.

2016 жылы жастар арасындағы әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды. Ал 2019 жылы Панамерикан ойындарында да дәл сол жетістігін қайталады. 2019 жылғы әлем чемпионатында ол ширек финалда қарсыласына нокаутпен ұтылды.

Әзірге басқа қол жеткізген табыстары жоқ.

Айта кетейік, бүгін қазақстандық Қамшыбек Қоңқабаев ресейлік Иван Верясовты жеңіп, жартылай финалға өтті.

Одан бұрын Қамшыбек египеттік боксшы Юсри Резк Мұстафа Хафезді тізе бүктірді.

Ал Қамшыбектің басты қарсыласы өзбекстандық Баходир Жалолов жартылай финалда ұлыбританиялық Фрейзер Кларкпен шаршы алаңға шығады.

Еске салсақ, биылғы Олимпиадаға ерлер құрамасынан 8 спортшы барды. Олардың арасынан Қамшыбектен өзге Сәкен Бибосынов (52 келі), Закир Сафиуллин (60 келі) жарысты жалғастыруда.

ФОТО: Тұрар Қазанғапов, Қазақстан ҰОК
Соңғы жаңалықтар